Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда балалар алаңында екі әйел дауласып жанжалдасты. Оған түрткі - балалары әткеншекті өзара бөлісе алмауы, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 мамырда сағат 14:30-да Королев көшесінің тұрғындары полицияға шағымданды. Адамдар екі әйелдің ойын алаңында қатты ұрсысып, жанжал шығарғанына наразылық білдірді. Олардың балалары әткеншекті өзара бөлісе алмаған.

Тұрғындардың айтуынша, бастапқыда балалар ұрсысып, жылай бастаған. Одан кейін ұрсысқа олардыі аналары кіріскен. Әрқайсысы өз баласын жақтап, дауысын көтере бастаған. Арасында балағат сөздер де айтылған.

Орын алған оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдерден тынышталуын сұрады.

Мұндай әрекеттер айналадағыларға құрмет танытпауды білдіреді және балаларға жаман үлгі. Сондықтан ата-аналардың әрқайсысы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Павлодар облыстық ПД

Материалды сотқа жіберу жоспарланып отыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды