Петропавлда сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама расталмады

Сурет: unsplash
Белгісіз біреулер Петропавлдағы "Dostyq Mаll" сауда ойын-сауық орталығында жарылыс болу қаупі барын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, сауда үйі ғимаратынан 700-ге жуық адам эвакуацияланды.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер жан-жақты сүзіп шықты. Арнайы бөлімше қызметкерлері күдікті заттарды таппады.

Қазіргі уақытта жалған лаңкесті анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндайда ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Биыл осы бап бойынша екі солтүстікқазақстандық сотталды. Олардың бірі бір және екіншісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды