Үкіметте жеке МӨЗ-дер үшін салықтық жеңілдіктерді алып тастау мәселесі талқыланды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ел Экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыс аясында Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнім шығаратын жеке мұнай өңдеу зауыттарынан (МӨЗ) салықтық жеңілдіктерді алып тастау, бизнес субъектілеріне МӨЗ-дегі инфрақұрылым объектілерін қолжетімді ету, оларда мұнай өнімдерін сақтауды регламенттеу, сондай-ақ мұнай өнімдерін тиеу және тасымалдау қызметтеріне тарифтерді төмендету тұрғысынан реттеу бойынша ҚР Энергетика министрлігі әзірлеген ұсыныстар талқыланды. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар МӨЗ-де қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізу, өнімді өндіруді, сақтауды, сыртқа шығаруды және басқа да технологиялық процестерді бақылау, сондай-ақ олардың аумағында сұйытылған мұнай газын сақтау парктерін салу және олардың қызметімен байланысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және т. б. қызметіне қатысты кейбір мәселелерді қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі комиссияның келесі отырысында шешім қабылдау үшін бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды