Балалар Ақорданың ішіне саяхат жасады

Сурет: видеодан скриншот
Халықаралық балаларды қорғау күні «Ақорда» резиденциясы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді, деп мәлімдеді Президенттің баспасөз қызметі.

Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамырда Алматыға жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды