Оралда жедел жәрдем көлігі төңкеріліп қалды – зардап шеккендер бар

Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Лермонтов пен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Chevrolet Cobalt маркалы көлігі Дәулеткерей көшесімен қосалқы жолда келе жатқан, ал УАЗ басты жол - Лермонтовпен жылжыған.

Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем көлігі төңкеріліп қалды. "Жедел жәрдем" көлігі онкологиялық аурухананікі екені айтылады.

Зардап шеккендердің жағдайы туралы, әзірге мәлімет жоқ.

Тергеу амалдары қолға алынды.

Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды