Тоқаев: Елімізде қаңтар оқиғаларының қайталанбайтынына сенімдіміз

Сурет: Zakon.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының басында елде қарулы 20 мың террорист болғаны жайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 мың террористке келетін болсақ, бұл санды құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары ұсынды және бұл бүкіл ел аумағы бойынша мәлімет болатын. Өздеріңізге мәлім, бір уақытта 13 қалада қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, 5,5 мың қылмыстық іс қозғалып, 500-і сотқа жолданды. Барлығы 23 адам нақты мерзім бойынша жазаға тартылды.

Енді елімізде қайғылы қаңтардың қайталанбайтынына сенімдіміз және оған кепіл, бүгінгі референдум. Біз одан тиісті сабақ алдық. Қазақстан Президенті

Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс берген болатын. Одан кейін ол журналистердіңалдына шығып, қазақстандықтарды болашақта не күтіп тұрғаны, қаңтар оқиғаларына қатысты тергеу қалай жүріп жатқандығы туралы сұрақтарға жауап берді.

Қазақстандағы референдум
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды