Алматы облысында жанжал кезінде ағасы інісін өлтіріп алды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
5 маусымда Қарасай ауданы Бұлақты ауылында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының тумасы азаматтық жұбайымен бірге жалдамалы үйде тұрып жатқан туған ағасына қонаққа барады. Дастарқан басында ағайындылар арасында жанжал туады.

Шақырту бойынша жеткен полиция қызметкерлері оқиға орнынан 41 жастағы ер адамның денесін тапты. Ал екінші ер адам белгісіз бағытта қашып кеткен болып шықты.

Дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылған іздестіру топтары елдімекендерге шолу жүргізді. Жақын маңдағы барлық елдімекендер кезек-кезек тексерілді. Нәтижесінде күдікті көрші ауылдың көшелерінің бірінен табылып, ұсталды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жәбірленушінің 52 жастағы ағасы қамауға алынды. Оқиға орнында бірнеше пышақ табылды, олардың бірі қылмыс құралы ретінде тіркелді. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни "Адам өлтіру" бойынша қолға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды