Атырау облысында төленбеген айыппұлы 3 миллион теңгеге жуық көлік көшеден ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Атырау облысында полиция қызметкерлері Грузияда тіркелген көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері Грузия елінде тіркелген Toyota Highlander автокөлігінің төленбеген айыппұлы бар екенін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне анықтама берген. Өз кезегінде қала көшелерінің бірінен 1998 жылғы жүргізушісі тізгіндеген Toyota Highlander көлігі тоқтатылып, аталған көліктің 2 млн 937 мың 417 теңге төленбеген 106 айыппұлы бар екені анықталды.

Сондай-ақ, аталған көліктің сақтандыру жүйесінде де ақпараттары жоқ екендігі анықталды. Көлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабы 2 бөлігімен хаттама толтырылып, көлігі арнаулы тұраққа қойылды. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Көлік жүргізушісі аталған көлікті 2-3 күн бұрын сатып алғанын және 106 айыппұлы барын білмейтінін жеткізді.

Атыраулық полицейлер, тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды