Ұлытау облысы әкімінің лауазымына екі саясаткердің кандидатурасы ұсынылған

Сурет: Telegram/БОРТ1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ұлытау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрат Нұртілеу депутаттардың қарауына Президенттің Ұлытау облысының әкімі лауазымына Әбдіғалиұлы Берік пен Шайдаров Серік Жаманқұлұлының кандидатураларын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 64 депутаттың 51-і Берік Әбдіғалиұлын қолдады, 13 депутат Серік Шайдаровқа дауыс берген.

Ұсынылған қос кандидаттың да басқарушылық қызметтегі тәжірибесі мол. Екеуі де аталған өңірдің тумасы әрі өз облысында басшылық қызметтер атқарған.

Кезінде Ұлытау ауданының, Жезқазған қаласының әкімі болған Берік Әбдіғалиұлы соңғысында Мәжіліс депутаты болып табылады. Ал Жезқазған қаласының, Нұра ауданының, Жаңаарқа ауданының әкімі болған Серік Шайдаров бүгіндері Қарағанды облысы әкімінің АӨК және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып табылады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды