Министрліктер мен әкімдіктер бюджеттің 71 млрд теңгесін игермеді – Жамаубаев

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 71 миллиард теңгені игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5 пайызға, республикалық 99,1 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3 пайызға орындалғанын айтты.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет бойынша 6,9 трлн теңге шығыстар жүргізілді.

Атқармау 65 млрд теңге болды. Оның ішінде 7 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 58 млрд теңге. Аса ірі көлемдегі сомаларды Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері игермеді. Игермеудің негізгі себептері – конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасудың ұзақ жүргізілуі, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау және т.б.Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Сонымен қатар министрдің айтуынша, жергілікті бюджет шығыстары 3,5 трлн теңге болды. Атқарылмағаны – 61 млрд теңге.

Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында насаналы трансферттер көзделді. Бірінші маусымға 933 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 4 млрд теңге үнемдеу болса, 13 млрд теңге игерілмегені. Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстары бюджет сомасының көбін игермеді.Ерұлан Жамаубаев

Жамаубаевтың айтуынша, игермеудің негізгі себептері – төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жобалық-сметалық құжаттарды түзету және конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі.

Қазақстан
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды