Украинадағы үндістандық студенттер оқуын Қазақстанда жалғастыратын болды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандық жоғары оқу орындары Украинада оқыған үндістандық студенттеді қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бізге Үндістан үкіметі ресми түрде хабарласты. Кеше Үндістанның Сыртқы істер министрі елімізге келіп, Украинада 20 мыңнан астам үндістандық студенттің оқуы тоқтап қалғанын айтып, бізден көмек сұрады. Негізінде біздің медициналық университеттер көмектесуге дайын, медицина саласында оқитын 200-ге жуық студентті қабылдай алады. Бірақ шетелдіктер оқу ақысын өздері төлейді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мүмкіндігінше шетелдік студенттерге жатақханадан орын берілетінін қосты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды