Әйтенов Құрсайдың ауыз сумен қамту жұмыстарын тексерді

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы Құрсай шағын ауданына инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асуда. 8 мыңға жуық тұрғыны бар шағын ауданды сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы екі кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аумақта атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші нысандағы 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 72 пайызы орындалған. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нысан пайдалануға берілгенде 17 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы - 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 74 пайызы аяқталған, делінген хабарламада.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды