Инвестиция тарту: Тоқаев Келімбетовке жұмысты жандандыруды тапсырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты.

Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды