Қанат Таймерденов Алматы қаласы ПД басшысы қызметінен босатылды

Сурет: Facebook/Канат Таймерденов
2020 жылы қаңтар айынан бастап Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы болып келген Қанат Таймерденов қызметінен кетті. Бұл ақпаратты ведомстводағылар растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Таймерденов 1974 жылы 7 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылында дүниеге келген.

Мамандығы бойынша заңгер, 2003 жылы ІІМ академиясын бітірген.

Таймерденов органдағы қызметін 1995 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында офицер қызметінен бастады. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды. Ол Алматы полиция департаменті басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысының полиция департаментін басқарды.

Алматы
Таймерденов Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды