Матаевтар ісі: Бас прокуратура сот үкіміне наразылық білдірді

Сурет: Facebook/Өміржан Әбдіхалықұлы
Бұл туралы ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсеттің мүддесін қорғайтын адвокат Джохар Өтебеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұзақ және ауыр жұмыс өз жемісін беруге дайын. Бас прокуратура істі ұзақ зерттегеннен кейін менің өтінішімді қанағаттандырды! Ол ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке қатысты шығарған әділетсіз үкімге наразылық білдірді. Жақында Жоғарғы сот отырысы болады. Біз тек ақтауды күтеміз! Джохар Өтебеков

Сейітқазы Матаев пен оның ҚазТАГ ақпараттық агенттігін басқарған ұлы Әсет бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталды.

2016 жылы бірінші сатыдағы сот Сейтқазы Матаев жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеу және мүлкін тәркілеу бойынша алты жылға, ал оның ұлы Әсет Матаев бес жылға бас бостандығынан айырды. Соттың апелляциялық алқасы негізгі үкімді Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың бас бостандығынан айыру түрінде қалдырып, қосымша бөлігін ғана өзгертті.

2017 жылдың желтоқсан айында Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды