Қазақстанда автогаздың 2023 жылғы қаңтарға дейінгі шекті бағасы белгіленді

Сурет: freepik
ҚР БҚДА төрағасы Серік Жұманғариннің 2022 жылғы 5 шілдедегі «ҚР аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін.

  3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған жағдайда нұсқамалар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартсын.

  4. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Өңірлер бойынша сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар:

Алматы
Нұр-Сұлтан
Шымкент
Қазақстан
Жұманғарин Серік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды