Қосылған құн салығынан босату: жаңа ережелер импорттаушыларға тиімді

Сурет: pexels
Қазақстанда тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану шарттары өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уәкілетті экономикалық операторлар

Енгізілген өзгерістер жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарының күші қолданылатын тұлғалар қатары кеңейтеді.

Енді бұндай тұлғалар қатарына уәкілетті экономикалық операторлар енгізілді.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Навигациялық пломбалар алынып тасталды

Сондай-ақ, көлік құралдарының жүк бөліміне электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) орнатуды міндеттейтін шарттар алынып тасталды.

Қосылған құн салығынан босату

Дегенмен, енді ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттауға арналған тауарларды қосылған құн салығынан босатуға мүмкіндік беретін жаңа шарт енгізілді.

Тауарларды әкелу туралы өтініште (1-бөлімі кестесінің 6-бағанында) және электрондық шот-фактурада (8-бағанының G бөлімінде) көрсетілген тауар құны тауарлар декларациясында (45-бағанында) көрсетілген тауар құнынан төмен болмаса қосылған құн салығынан босату алуға болады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұл өзгерістер 2022 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды