Таразда полицейдің көше ортасында питбульды атқаны видеоға түсіп қалды

Сурет: pixabay
Оқыс оқиға күндіз болған. Қаладағы дәріханалардың біріне қарама-қарсысында екі ер адам ішімдік ішіп, ал ертіп жүрген иттің тұмылдырығын шешіп, бос жібере салған. Бұдан қауіптенген жергілікті тұрғындар полицияға қоңырау түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шақырту орнына келгеннен кейін полиция қызметкерлері қастарынан арлы-берлі өткен адамдар шағымданған 1979 және 1986 жылғы екі жергілікті тұрғынды анықтады. Питбуль итін тыныштандырып, тұмылдырығын кигізуді сұраған полицейлердің талабын 43 жастағы ер адам елемеді. Ит жібінен босап кетіп, айналаға қауіп төндірді. Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Патрульдік полиция батальонының инспекторы жазатайым оқиғаның алдын алу үшін жануарды атуға шешім қабылдады.

Болған оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегені айтылады. Ит тірі, оны қожайынына қайтарды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды