Қаржы пирамидасын құрғаны және жарнамалағаны үшін жаза күшейеді – президент заңға қол қойды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнама нормаларын қаржылық алаяқтықпен күресудегі заманауи сын-қатерлер талаптарына сәйкес келтіру.

Атап айтқанда, қаржы пирамидаларын жарнамалауды қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы бастапқы кезеңде қылмыстардың жолын кесу, сонымен қатар оларды құру мен басқару жауапкершілігін күшейту.

Сонымен қатар заңда екі кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Негізгі мақсаттар:

Заңның қабылдануы азаматтарды заңсыз қаржы және инвестициялық жобаларға қатысудан қорғауды күшейтетіні, қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру мен жарнамалауға байланысты құқық бұзушылық субъектілерінің жауапкершілігін арттыратыны атап өтілген.

Сонымен қатар мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Екі заңның мақсаты – қаржы (инвестициялық) пирамидасының схемаларын жасағаны үшін жауапкершілікті қатайту, сонымен қатар оларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы азаматтардың құқықын қорғау тетіктерін жетілдіру.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды