Тоқаевтың сынынан кейін Экология министрлігі киіктерге қатысты жұмысқа жең түре кірісті

Сурет: wikimedia
Мемлекет басшысының биылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Экология министрінің төрағалығымен киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша кеңес жиыны өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты. 

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Киікті сақтау тұрғысынан, оны қорғай отырып, орынды пайдалану кезінде киік таралымының барынша мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды болады.

Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Аталмыш жұмыс басталып кетті және Министрлікпен, барлық мүдделі тараптардың бақылауымен,  жұртшылықты хабардар ете отырып жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, жиында Серікқали Брекешев Ауыл шаруашылығы министрлігіне жабайы аңдармен келтірілген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселелерін қарау қажет екенін атап өтті.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киіктерді атуға рұқсат бергені үшін Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды