Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге ақша сұрады

Сурет: wikimedia
Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкен популяциясының ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы жылы Зоология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында ғылыми зерттеулер жүргізуге өтінім берген, алайда жоба қабылданбаған.

Министр биылдан бастап осы зерттеулерге қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Бұл зерттеулер қорытындысына дейін ауыл шаруашылығы субъектілеріне жабайы жануарлар егістік жеріне зиян келтіргені үшін оның ішінде залалды есептеу әдістемесін және қаржыландыру тетігін әзірлеу бойынша өтемақы мәселесін қарау қажет. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

14 шілде күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брекешевке киік атуға рұқсат бергені үшін сөгіс жариялаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды