Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір білдірді

Сурет: akorda.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауды барлық басшыларға тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Президент берген тапсырмаларды нәтижелі орындау керек. Президенттің біздің жұмысымызға қатысты кеше айтылған сыны өте маңызды екенін атап өткім келеді. Барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сектор белсендігін арттыру қажет. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

Премьер-министр бірінші басшыларға президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

Ол жобалар мен бағдарламалардың барлығы өңірлерде іске асырылатынын айта келе, олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан үкімет пен әкімдіктер өзара орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешу керек.

Жалпы үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты. Ел экономикасының дамуы халықтың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезіну үшін жоспарланған жұмысты бірлесе атқаруға күш салуымыз керек. Әлихан Смайылов
Қазақстан
Смайылов Әлихан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды