Шымкентте көшедегі қызды пышақпен қорқытқан жігіт ұсталды

Сурет: Instagram/police_shymkent
Шымкент қаласының полициясы қызды пышақпен қорқытқан жігітті ұстады. Оқыс оқиға сыртқы бақылау камерасына түсіп, одан алынған видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоны Instagram-да "Не молчи KZ" қоғамдық қоры жариялады.

Видеодан көшеде ұялы телефонмен сөйлесіп кетіп бара жатқан қызға бейтаныс жігіттің қалай жақындағанын көруге болады. Ол қызға пышақ тақайды. Қатты қорқып кеткен қыз шыңғырып жібереді, бұл жігіттің өзін шошытып, кері шегінуге мәжбүр етеді.

Қыз Қаратау аудандық полиция бөліміне арыз түсірді.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі полицейлер аталған оқиға куәгерлерімен сөйлесіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, күдіктінің жеке басын анықтай алғанын жеткізді. Ол өз үйінен ұсталды.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды