Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды

Сурет: pexels
Қарағандыда үйдің ауласынан жаңа туған шақалақ табылды. Шала туған баланың хәлі ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды қалалық ПБ мәліметінше, 15 шілдеде сағат 21:00 шамасында полицияға көпқабатты үйдің ауласынан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сәби шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Тұрғын үй кешені тұрғыны кешке есік алдына шыққанда подъездің алдындағы орындықтың жанында қорапты байқағанын, ішін ашып қарағанда көрпеге ораулы баланы көргенін айтты. Ол шұғыл түрде баланы ауруханаға жеткізген.

Ауруханада нәрестенің шамамен екі сағат бұрын ғана дүние есігін ашқанын анықтады. Шала туылған баланың хәлі ауыр. Қазіргі уақытта бала перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында, - дейді дәрігерлер.

Полицейлер баланың анасы, облыстың 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факт полицияда тіркелді. Тергеу жұмыстары қолға алынды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды