Заңгер Бұрхан Жансейітов босатылды, ол енді үйқамақта болады

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық тергеу соты Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тергеушісінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысы бойынша Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тергеушісінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылмады. Оның орнына күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамақта болу шарасы тағайындалды, деп хабарлады тергеу сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, алматылық адвокат өзін белгісіз адамдар аңдып жүргеніне шағымданды. Ол әріптесі - Бурхан Жансейітовтен көмек сұрады. Оқиға орнына жеткен ол аңдушылардың көлігін көлейгейлеп, тырп еткізбей тастаған. Кейін полиция қызметкерлері оларды полиция бөліміне әкеліп жеткізді.

Қаржы мониторингі агенттігі олардың қызметкерлері рейдерлік шабуыл бойынша күдіктілерге қатысты аңду жүргізгенін мәлімдеді. Бұрхан Жансейітов оларға кедергі жасамақ болған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды