Алматыда Nissan Patrol мен Lada Granta соқтығысып, жүргізушінің бірі ауруханаға түсті

Сурет: Zakon.kz
Сейфуллин даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында Nissan Patrol джипі мен Lada Granta соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nissan жүргізушісінің айтуынша, ол Сейфуллиннің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан.

Ол бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтап, жолды кеспек болғанда қиылыстан Lada атып шыққан.

Сурет: Zakon.kz

Lada Қазыбек би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Екі жүргізуші де бір-бірінен қашуға тырысқан, бірақ онысынан ештеңе шықпаған.

Сурет: Zakon.kz

Алдымен алдыңғы жағымен соғысқан көліктер артынан артқы жағын да бүлдірген.

Сурет: Zakon.kz

Ауыр соққыдан Lada тротуарға ұшып түскен.

Сурет: Zakon.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен Lada жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды