Алматыда Гагарин даңғылындағы ағаштарды рұқсатсыз отағандар жазаға тартылады

Сурет: Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы
Гагарин даңғылында салынып жатқан ғимараттың жанындағы ағаштардың кесілуі қала тұрғындарының назарына ілікті. Мұндай әрекеттерді заңсыз деп санаған олар дабыл қақты. Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы ел азаматтарының үндеуіне жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның түсініктемесінде Гагарин даңғылы, 80 мекен-жайы бойынша ағаштарды кесуге рұқсат берілмегені айтылған.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы ПД ЖПҚ қызметкерлерімен бірге тексеру ұйымдастырылды. Тексеру барысында терек тұқымдас үш ағашты отау фактісі анықталды. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, өтеу тұрғысында 150 дана жапырақты ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік міндеттеме алынады.

Ағаштарды кесуге тапсырыс беруші: жоғарыда көрсетілген мекенжайдағы «Медициналық орталықтың құрылысын» жүзеге асырушы азамат Бекмусаев Б.К.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды