Тоқаев Орталық Азия елдерінің өңірлік телеарнасын немесе сайтын құруды ұсынды

Сурет: pxhere
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Шолпан-Атада өткен IV Консультативтік кездесуінде ақпараттық кеңістіктегі бүкіл өңірге зиян келтіретін келеңсіз жайттардың алдын алу үшін ынтымақтастықты күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл жұмыстың мәні достығымыздың мызғымастығы болуы керек.

Біз мемлекетаралық және ұлтаралық араздықты қоздыру арқылы халықтарды жік-жікке бөлуге, қарым-қатынасымызды бұзуға бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы бірігуіміз керек. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының сөзінше, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құру арқылы бұл үрдісті өзгерту керек.

Осы жайттарды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Орталық Азиядағы тиісті ведомстволар мен ақпарат агенттіктері басшыларының кездесулерін тұрақты түрде өткізген тиімді болар еді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қырғызстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды