Алматы облысында оқ атқан күдіктілер іздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне оқ тиген Есік қаласының екі тұрғыны жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 22 шілдеде орын алған. Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына атыс болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Атыс кезінде 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары зардап шекті. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі 1,9-тармақтары бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облыстық ПД күдіктілердің жеке-басын анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының қолға алынғанын хабарлады. Полиция департаменті басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды