Алматы облысында браконьерлерден киік мүйізі толы 13 қап тәркіленді

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Ұсталғандардың бірі тізгіндеген Toyota маркалы көлігінің салонынан Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізі толы 13 қап табылып, тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша тергеу басталды, - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Тергеу амалдары қолға алынды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды