Павлодар облысында ит қапқан бала ауруханаға түсті

Сурет: pixabay
Жетекші ауылында 13 жасар жасөспірімді ит қауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлері полицияға қоңырау шалып, жасөспірімді қапқан иттің емін-еркін бос жүргенін, мұрнында не тұмылдырығы жоқ, мойнында не қарғыбауы жоқ екенін айтқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

13 жастағы жасөспірім медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары иттің 36 жастағы иесін анықтап,  ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартты, - дейді облыстық полиция департаменті. 

Тағы бір жағдайда Павлодар қаласында Алматы көшесі бойында баланы өз иті қауып алған, ол да медициналық көмек үшін ауруханаға жеткізілген. 

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда 150-ден астам ит иесі өздерінің үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды