Алматыда қол арбаларды ұрлады деген күдікпен кішкентай баласы бар әйел ұсталды

Сурет: pixabay
Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғынына Алматыдағы тұрғын үйлердің подъезінде тұратын бөтен адамдардың қол арбасы мен кішкентай балаларға арналған велосипедтерді ұрлады деген күдік келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнебақылау камераларынан аталған әйелдің туған қызының көзінше еш қымсынбастан бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Қазір азамат А-ның бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сегіз жағдайға қатысы бары дәлелденді, - деп атап өтті Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Эпизодтардың тізімі мұнымен шектелмеуі ықтимал деген де болжам бар. Полиция әйелдің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша қолға алынды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды