Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Байыров Есен Әлмұханбетұлы Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы президент әкімшілігімен келісілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байыров Есен 1974 жылғы 22 сәуірде Жезқазған облысының Ақадыр ауданында туған.

Білімі:

2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы – өрт қауіпсіздік инженері.

Еңбек өтілі:

Құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Қызмет жолын Астана қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды