Нұр-Сұлтанда ТЖО қызметкері ұрланған көлікпен адам тасып, жолаушыны ұрып-соққан

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда клиенттің көлігін жеке тасымалдауға пайдаланған ТЖО қызметкері жолаушыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында ТЖО қызметкері клиенттің көлігін такси ретінде пайдаланғаны анықталды.

Техникалық қызмет көрсету бекетінен Hyundai Elantra автокөлігін ұрлап, жолда такси тоқтатқан жолаушыны мінгізіп алған. Жүргізуші мен жолаушы танысып, олар таныстықты бір бөтелке арақпен тойламақ болған. Ішімдік ішіп отырғанда жүргізуші мен жолаушы арасында кикілжің басталып, соңы төбелеске ұласқан.Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Төбелес салдарынан жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

ТЖО қызметкері ұсталды, көлік иесіне қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды