Жетісу облысында испандықтар Сібір тау текесін аулады деген күдікпен ұсталды

Сурет: ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
2 тамызда кешкі сағат 19:30 шамасында Жоңғар-Алатау паркінің  мемлекеттік инспекторларының кезекті рейд барысында Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан «Toyota Land Cruiser Prado» көлігі тоқтатылып, Қазақстанның бір және Испанияның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен 2 дана Сібір Тау текелерінің бастары терісімен және екі қапқа салынған салмағы 60-62 келі ет, сондай-ақ екі шет ел азаматына тиесілі екі қару құралдар: Mannlicher және Блейзер тәркіленді.

Аталған факті бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін материалдар Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды