«Баланы балағаттап, қылқындыра бастады». ШҚО-да жайсыз жайт видеоға түсіп қалған

Сурет: видеодан алынды
Оқыс оқиға Өскемендегі дүкендердің бірінде орын алған. Дүкен сөресі жанындағы ер адам кенеттен қасында тұрған баланы балағаттап, бір уақытта мойнынан қылқындыра бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайсыз жайт бейнебақылау таспасына түскен, ал баланың анасы басынан өткен жағдаймен әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды AltayNews.

Әйелдің айтуынша, ер адам қолымен баланың мойнына тас кенеше жабысып, тек айналадағылар шулап кеткен соң ғана жіберген.

1968 жылғы ер адам психикалық бұзылыстардан зардап шегетіні белгілі болды.

Келіп түскен шағым бойынша аталған ер адам анықталып, орналастыру үшін психоневрологиялық диспансердің бөлімшесіне тапсырылды. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлі есін дұрыс жиып үлгермеген баланың анасы психикалық ауытқуы бар адамды ауруханадан неге шығарып жібергендеріне таң қалып, әлі шошып отыр. Ол прокуратураға медициналық мекемеге қатысты тексеру жүргізуді сұрап, арызданғанын жеткізді.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды