Облыс орталығының барлық тұрғын алабы келер жылы газбен қамтылады

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазір «Шығыс – 1» массивін газдандыру және электрмен жабдықтау жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен бүгін өңір басшысы Оңдасын Оразалин танысты.

Қала әкімі Асхат Шахаров аймақ басшысын «Шығыс – 1» тұрғын алабында инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнда газ бен электр желісін тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр және жақын арада аяқталады.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мердігер ұйымның өкілі Артур Аликуловтың айтуынша, мұнда 1 612 учаске бар. Жер учаскелерінің иелері биыл үйлерін көтере бастаған.

Біз бәріне бірдей көгілдір отын мен электр қуатын өткіземіз. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазірдің өзінде жоспарланған көлемнің 50 пайызы орындалды. Материалдардың 50 пайызы жұмсалды. Электр қуатымен жабдықтауға қатысты айтатын болсақ, мұнда екі мың баған, 900 шам орнатылды. Енді біз электр кабелін тартамыз. Қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда, – деп есеп берді мердігер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды