Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше ішінара жабылады

Сурет: Zakon.kz
Елордада Жекебатыр көшесінде Космонавтар көшесінен Атасу көшесіне дейінгі аралық жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 6-12 тамыз аралығында Космонавтар көшесінен Атасу көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.

Алдында Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел даңғылындағы жолдың екі учаскесі жабылатыны хабарланған.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды