Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азияның ең үздік шахматшысы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, жуырда Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) марапаттау рәсімі өтті. XV-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд Бибісара Асаубаеваға "Әйелдер арасындағы Азияның 2021 жылғы ең үздік шахматшысы" марапатын табыс етті. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды