Атырауда жүкті әйел қайтыс болды

Сурет: pixabay
Атыраудағы медициналық мекемелердің біріндегі жүкті әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде осы жайтқан қатысты видео тарады. Автордың айтуынша, жүкті әйел ауыр жағдайда ауруханадан шығарылған.

32 жастағы жүкті әйелдің өлімі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдері тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды