Шығыс Қазақстан облысында кинолог баланы құтқарып қалды

Сурет: polisia.kz
9 тамызда Ұлан аудандық полиция бөлімінің 102 жедел арнасына Қасым Қайсенов кентіндегі Абай алаңындағы үйлердің бірінің терезесінде жас бала тұрғаны туралы қоңырау түскен. Пәтерге бірінші болып жүгірген инспектор-кинолог қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дабыл бойынша жедел-тергеу тобы дереу мекенжайға жіберілді. Бірнеше минуттан кейін полицейлер оқиға орнына жеткен, алайда олар келгенге дейін ол жерге инспектор-кинолог алғашқылардың бірі болып Асыл Беріков жетіп, дереу шара қолданды, деп жазды ҚР ІІМ сайты.

Кейін хабарланғандай, Асыл шақыртуды тіркеу кезінде үйге қарай жүгіріп, кіре беріс есікті ашып, жоғары шығып, 5-қабаттағы пәтердің есігін қаққан. Есікті 12 жастағы қыз бала ашқан, ол інісінің ашық терезенің алдына шығып алғанын байқамаған.

Бөлмеге жүгіріп келіп, полицей баланы әңгімеге тартып, терезенің алдынан көтеріп алды. Олардың ата-анасы бұл уақытта сол үйдің астында орналасқан дүкенге кеткен екен. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды