Жыл соңына дейін 5 млн га ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылады

Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің ресми сайтында жазылғандай, отырыс барысында ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 млн 119 мың гектар жер қайтарылды.

Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 млн 94 мың га жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр.

Жалпы комиссия аумағы 7,45 млн га жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың га, жайылым жер – 6,86 млн га.

Айта кетейік, осы жылдың 9 тамызында Қазақстан Республикасының президенті жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойды.

Жоғарыда аталған шараларды ескере отырып, жыл соңына дейін пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің кем дегенде 5 млн гектарын мемлекетке қайтару көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды