Полицейлердің жүргізушіні қуғаны видеоға түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші полицейлерден қашпақ болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 тамызда түн ортасы кезінде патрульдік полиция бригадасы Қызылорданың орталық көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған УАЗ көлігін байқайды.

Полицейлер көлік жүргізушісінен тоқтауды талап еткен. Бірақ жүргізуші сигналдарға жауап бермей, жол жиегіне қарай қозғала берген.

Полицейлер жол талғамайтын УАЗ көлігін қала шетінде тоқтатып үлгерді.

Рульде көлік жүргізу құқығынан айырылған 46 жастағы қызылордалық азамат болған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-613-баптың 3-1 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды