Сенбі күні таңертең ҚР ІІМ таратқан SMS-хабарлама жұртты шошытып жіберді

Сурет: pixabay
Бүгін, 13 тамызда сағат 8: 00-де Қазақстан азаматтарының ұялы телефонына ҚР ІІМ-нен SMS келе бастады. Құрылы ведомство бұл хабарламалардың жалған-жалған еместігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мүлкіңізді кепілге қойғалы жатқаны туралы хабарлама алдыңыз ба? Ендеше банкке шұғыл қоңырау шалыңыз, делінген хабарламада.

ҚР ІІМ телефонға келіп түскен бұл хабарлама, шын мәнінде, өздеріне тиесілі екенін айтып, бұл қазақстандықтарға телефон алаяқтары мен жалпы алаяқ тырнағына ілікпеуді егжей-тегжейлі түсіндіру үшін профилактикалық және ескерту сипатындағы SMS-хабарламалар сериясының жалғасы болып табылатынын растады.

Ведомство қазіргі уақытта келесі мазмұндағы мәтіндерге ие SMS-хабарламалар жолданып жатқанын жеткізді:

Байланыс операторларын тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны да шектеулі.

ҚР ІІМ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында байланыс операторларымен бірлесіп, қазіргі уақытта қысқа-нұсқа SMS-хабарламалар жолдап жатыр. Бұл хабарламалар азаматтарды қырағы болуға және негізгі сақтық шараларын ұстануға шақырады: ешқандай жағдайда жеке бас деректерін, банк шоттары мен карточкалары туралы ақпаратты белгісіз тұлғаларға, оның ішінде құқық қорғау органдарының, банк қызметкерлері болып өзін таныстырған жандарға SMS арқылы келіп жеткен кодтарды беруге болмайды. Ешбір жағдайда белгісіз адамдардан келіп жеткен бөтен сілтемелерге өтуге болмайды. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің Киберқылмыспен күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды