Алматы қалалық сотының ғимараты неліктен қоршауға алынды

Сурет: almaty.sud.kz
Алматы қаласының полиция департаменті Алматы қалалық сотының ғимараты не себепті қоршалып, судьялар мен сот қызметкерлері неліктен эвакуацияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, қалалық соттың ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабарлама түскен.

Көрсетілген мекенжай бойынша қалалық қызметтер жұмылдырылды, олар бірінші кезекте сот қызметкерлерін, сондай-ақ келушілерді эвакуациялады. Патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді қауіпсіз қашықтыққа апарды... Қазыбек би көшесіндегі қалалық сотындағы іздеу жұмыстары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, экстремизмге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері «анонимді тұлғаны анықтау және одан әрі жауапкершілікке тарту бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр».

Бүгін Алматыдағы қалалық соттың ғимараты кіріс кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоқы жазылған хабарламалар түсуіне байланысты қоршауға алынған-ды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды