Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшысы тағайындалды

Сурет: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Құлмұханбет Исаков Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Алматы облысының Әкіміне және облыстағы мемлекеттік органдар басшыларына, Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Құлмұханбет Исаковты таныстырды.

Исаков Құлмұханбет Мырзахметұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген, салық органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Еңбек өтілі:

Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.08.2022 жылғы бұйрығымен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды