Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей мен Әзербайжанға барады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 19 тамыз күні Сочи қаласына, ал 24 тамызда Бакуға баратыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы президенттің ресми Telegram-дағы каналында жарияланды.

19 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды, - делінген хабарламада.

24 тамыз күні мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды