Смайылов қанттың ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеуді тапсырды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов қанттың барын айтып, тиісті министрліктерге қазірден бастап аймақтарда дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Қанттың қажет қоры бар. Дүрлігуге жол бермеу үшін қант бағасына қатысты түрлі манипуляциялардың алдын алып, алыпсатарлық әрекеттер мен қажетсіз делдалдарды анықтау қажет, - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов бірінші кезекте қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты. Ол үшін егіс алқаптарын 11,5 мыңнан 38 мың гектарға дейін, яғни 3 есе арттыру жоспарланып отыр.

Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қант саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды толық көлемде орындауды тапсырды.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды