БҚО әкімі өңір тұрғындарына өз идеяларымен бөлісуді ұсынды

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Facebook-тегі ресми парақшасында өңір тұрғындарына "Халықтың қатысуындағы бюджет" жобасы бойынша өз идеяларымен бөлісуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда 2023 жылға арналған бюджет жасақталу үстінде.Осыған орай, мен сізден туған өлкемізді көркейтуге бағытталған тың ұсыныстар мен жасампаз идеялар күтемін.Бұл жол салу, көшелерді жарықтандыру сияқты жыл сайынғы бюджетке енгізілген ұсыныстар болмауы тиіс.Облыс тұрғындары қажет ететін жобалар өте көп екенін айта кеткім келеді. Мысалы, жол бойындағы дәретханалар, Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласына кіреберістегі белгілер, тарихи ғимараттарды қалпына келтіру, көше өнерін дамыту, дәстүрлі фестиваль өткізу, мүгедек адамдар жолындағы кедергілерді жою және т.б. Жинақталған идеялардың бюджеті анықталып, облыс тұрғындарының талқылауына және дауыс беру арқылы таңдауына ұсынылады. Бір немесе бірнеше идеялардың жалпы бюджеті шамамен 500,0 млн теңгеге дейін болады, - дейді өңір басшысы.

Сондай-ақ, әкім бұрын белгіленген халықтық бюджетке сәйкес сметалық есептер аяқталып жатқанын және жаяу жүргіншілер өткелдеріне 180 шам орнатуды ағымдағы жылдың қазан айында бастау жоспарланғанын жеткізді.

Осы форматтағы жұмыстарды әлі де жалғастыруды көздеп отырғанымызды айтқым келеді. Өз ұсыныстарыңызды ортаға тастауды сұраймын, - дейді ол.
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды