Петропавл тұрғыны "Трамадол" дәрісін жасырын сатумен айналысқан

Сурет: СҚО ПД
Солтүстік Қазақстан облысында 5 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлері "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасын жүзеге асыруда, оның алғашқы күні "Трамадол" дәрілік препаратын заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дәріні есірткіге тәуелді, бұрын сотты болған Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны тығып сатқан.

Оның тұрғылықты жерінен "Трамадолдың" 160 таблеткасы мен 57 капсуласы тәркіленді. Белгілі болғандай, ол дәрі-дәрмектерді науқасқа жазылған рецепті бойынша медициналық мекемелердің бірінің дәрігерінен алған. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди

Аталған факті бойынша материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 424-бабы, яғни "Заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет" бойынша әкімшілік сотқа жолданды.

"Дәрмек" жедел-алдын алу шарасы 9 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды